P&G Қолжетімділік туралы мәлімдеме
Procter & Gamble (P&G) компаниясы барлық қолданушыға инклюзивті тәжірибе ұсынуды көздейді. Біз өнімдерімізді, қызметтерімізді және коммуникацияларымызды пайдалану мүмкіндіктеріне кедергі келтіруі мүмкін тосқауылдарды анықтауға және жоюға тырысамыз.
Біздің ұжым біліктілікті арттыруға және жұмысымызға қол жетімділікті енгізуге көмектесетін арнаулы ресурстардың арқасында бүкіл әлем бойынша тұтынушыларға қызмет көрсетуде күнделікті өнімдеріміз бен қызметтерімізді мүмкіндігі шектеулі адамдарға одан да қолжетімділірек болу үшін үнемі дамуда.
Өнімдер мен қызметтер
Қызметкерлеріміз, брендтеріміз, серіктестеріміз бен қауымдастықтарымыз үшін не істеп жатқанымыз туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің «P&G Теңдік және инклюзивтілік – Мүмкіндігі шектеулі жандар» парақшасына кіріңіз. Біз өнімдеріміз бен қызметтеріміздегі кедергілерді анықтап, жоюға тырысамыз.
Цифрлық қолжетімділік
Біздің цифрлық тестілеу үдерісіміз Веб-контенттің қол жетімділік нұсқаулығына (WCAG) сәйкес қолжетімділікті автоматты және қолмен тексеру үдерістерін қамтиды. Бұл көмекші технологияға немесе мүмкіндікке қарамастан қол жетімділікке көмектеседі.
Қосымша ақпарат
Үшінші тараптар
Біздің цифрлық ресурстарымыз үшінші тараптар басқаратын басқа сайттарға сілтемелерді қамтуы мүмкін немесе бағдарламалық жасақтама немесе плагиндер арқылы ұсынылатын үшінші тарап қызметтерін, мысалы, карта/орналасқан жерді анықтау қызметтерін («Үшінші тарап сайттары немесе қызметтері») біріктіруі мүмкін. Бұл сілтемелер мен қызметтер клиенттердің ыңғайлылығы үшін ұсынылған және тек осы Үшінші тарап сайттарына немесе қызметтеріне кіруге мүмкіндік беруге арналған. Біз қолжетімді тәжірибені қамтамасыз ету үшін әр түрлі серіктестермен байланыс орнатамыз, бірақ олардың қолжетімділігіне кепілдік бере алмаймыз.
Көмек және кері байланыс
P&G веб-сайтында, өнімінде немесе қызметінде қандай да бір қолжетімділік кедергілеріне тап болсаңыз немесе қолжетімділікті жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз болса, бізге хабарласыңыз. Бізбен accessibility.im@pg.com электрондық поштасы арқылы, +7 800-080-50-52 нөміріне қоңырау шалу немесе мына мекенжайға пошта арқылы хат жолдау арқылы байланыса аласыз: «Procter & Gamble Kazakhstan» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби д-лы, 77/7, «Есентай Тауэр» БО, A15E2P5..
Хатыңызда байланыс ақпаратыңызды, сілтеме жасап отырған өнім/қызмет туралы нақты мәліметтерді, ұсынысыңыздың немесе тап болған мәселенің қысқаша сипаттамасын көрсетіңіз. Егер болса, сіз пайдаланған көмекші технологияның түрі мен нұсқасын және сіз пайдаланған веб-шолғыштың түрі мен нұсқасын көрсетсеңіз болады.
